00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Президент Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығын кең көлемде атап өту қажеттігін айтты

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Президент Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығын кең көлемде атап өту қажеттігін айтты
ашық дереккөз

Кездесу барысында қазақ мәдениетін дамыту мәселелері талқыланды.

Динара Тілендиева Қазақстан Президентіне «Отырар сазы» мемлекеттік академиялық фольклорлық-этнографиялық оркестрінің қызметі мен алдағы жоспары туралы мәлімет берді.

Атап айтқанда, ол бірқатар перспективті жобаны жүзеге асыру жайында, оның ішінде италиялық тенор Андреа Бочеллидің репертуарындағы және басқа да қазақтың халық аспаптарында ойнайтын белгілі музыканттардың танымал шығармаларын орындау жөнінде баяндады.

2025 жылы аса көрнекті композитор Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 100 жыл толады. Кездесуде осы мерейтойға арнайы назар аударылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев аталған маңызды оқиғаны кең көлемде атап өту қажет екенін айтты.