00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

«Ұмай» ипотекалық бағдарламасына өтініш қайта қабылдана бастады

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
«Ұмай» ипотекалық бағдарламасына өтініш қайта қабылдана бастады
ашық дереккөз

Телеарна дерегінше, қаржы ұйымы жобаны жетілдірген. Енді баспанаға инвестиция құйғысы келетін қыз-келіншектердің отбасылық табысы бұрынғыдай 320 мың теңге емес, 640 мың теңгеден аспауы керек. Салымшының қолында тұрғын үй құнының 15-20 пайызы болса, қалғанын банк арқылы рәсімдеу қарастырылған.

Айта кетейік, Азиялық даму банкінің «Отбасы банкіне» берген несиелендіру бағдарламасы былтыр қолға алынған еді. Жиыны 38 млрд теңге көлемінде бюджет қарастырылған. Қазіргі уақытқа дейін бөлінген 8,5 млрд теңгеге 954 әйел баспаналы болды.

Бұл бағдарлама сұраныс тапқаннан кейін 2022 жылы бөлініп отырған бюджеттің көлемі 14 млрд теңгені құрап отыр. Екінші транш бөлінген кезде бағдарламаның жаңа шарттары бойынша әйел азаматтың отбасылық табысы 640 мың теңгеден аспаса, бағдарламаға қатыса алады, - деді «Отбасы банк» АҚ бизнесті дамыту басқармасының басшысы Марина Орынбаева.