«Ұмай» ипотекасының шарттары жеңілдейді
25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Бағдарламаға қатысу үшін отбасының айлық табысы (күйеуі мен әйелінің) немесе несие алушының бір айдағы кірісі 320 мың теңгеден аспауы тиіс болса, енді ол екі есеге артып, 640 мың теңгені құрайды.
Енді отбасы табысы 550 000 теңгеге дейін болса, несие тұрғын үйді бағалау құнының 85 пайызы мөлшерінде, ал 640 000 теңгеге дейін болса, 80 пайызы мөлшерінде беріледі, – делінген хабарламада.
«Ұмай» ипотекасын алу үшін бастапқы жарна – тұрғын үй құнының 15 пайызын құрайды. Оны бірден сатушыға төлеуге болады. Мөлшерлеме 12 пайыздан басталып, кейін 3,5 пайызға дейін төмендейді. Несиелеу мерзімі – 25 жылға дейін. Мысалы, несие 14 жылға рәсімделсе, алғашқы 10 жылда мөлшерлеме 12%-ды, қалған 4 жылда 3,5%-ды құрайды.
Ұқсас жаңалықтар
21 қараша, 2024
Мүгедектігі бар және асыраушысынан айырылғандарға 574,8 млрд теңге жәрдемақы төленді
20 қараша, 2024
Биыл 403 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді
19 қараша, 2024
Биыл көпбалалы отбасылар қанша жәрдемақы алды
19 қараша, 2024
2025 жылы қазақстандықтар декларация тапсырудан босатылады