00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада ҚХА өкілдері Президент Жолдауын талқылады

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада ҚХА өкілдері Президент Жолдауын талқылады
ашық дереккөз

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауын талқыладық. Жолдауда өте маңызды, күрделі мәселелер қамтылған. Оның ішінде әсіресе елдің ынтымақ-бірлік, оны сақтау, халықтың тұрмыс жағдайын көтеру секілді мәселелер айтылды. Халық болып, бірлігіміз жарасқан күйде Отанымызға қызмет ете берейік! - дейді «Ырыскелді қажы» мешітінің бас имамы, ҚХА мүшесі Яқия Исмаилов.

Өз сөзінде «Радима» белорус мәдени орталығының жетекшісі Дмитрий Останькович Президент Жолдауының маңыздылығын айрықша атап өтті.

Мемлекет басшысы өз Жолдауында еліміздің гүлденуі жолындағы өте маңызды мәселелердің шешімдерін айтты. Олардың арасында елдің саяси құрылымы, мемлекет пен халық арасындағы жаңа байланыс, сол сияқты БАҚ өкілдері жайлы қамтылған. Жолдаудағы жаңа облыстарды құру мәселесі, олардың атаулары халық көңілінен шықты деген ойдамын. Мұның бәрі бірлігіміздің артуына, еліміздің гүлденуіне оң әсер етеді деген сенімдемін. Еліміз қашанда биіктерден көрініп келеді. Ал ондағы халық бақытты, бірлік астында өмір сүріп жатыр, - дейді «Радима» беларусь мәдени орталығының жетекшісі.