«Қорқынышты»: Қазақстандықтар бесінші репатрациялық рейспен Катовицадан ұшып келді (ВИДЕО)
Әуе компаниясының мәліметінше, бортта Қазақстанның 56, Украинаның 32 және Польшаның 1 азаматы болған. Әуежайда оларды туыстары күтіп алды.
Ұшып келген азаматтар Украинадан Польшаға қалай жеткендері және Қазақстан елшілігі көрсеткен көмек туралы айтып берді.
Дәл осы бортпен 14 наурызда Қазақстан жіберген гуманитарлық көмек Катовицаға жеткізілген. Жүк әрі қарай Украинаға көлікпен жеткізіледі.
Снарядтар жарылады, бір нәрселер ұшып жүреді. Қорқынышты. Бүгін қызым біз кетіп қалған ауданды бомбалағанын айтты. Яғни біз соңғы рейске үлгергенбіз. Қазақстан Сыртқы істер министрлігіне, елшіге алғыс айтамын, - деді репатрациялық рейс жолаушысы Татьяна Митус.
Оқи отырыңыз: Польшадан Қазақстанға бесінші репатриациялық рейс ұшып шықты
Мені және әйелімді қонақ үйге орналастырды. Тамақ берді. Келесі күні бізді Польшаға алып кетті. Үш күн сол жақта болдық. Елшіліктегі қазақ бауырларымызға алғысымызды айтамыз. Мен өзім қазақпын, осында дүниеге келдім, - деді жолаушы Николай Әкімжанов.