00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Геосаяси жағдайға байланысты шекаралас аймақтарды дамыту қажет – Мәжіліс депутаты

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Геосаяси жағдайға байланысты шекаралас аймақтарды дамыту қажет – Мәжіліс депутаты
ашық дереккөз

24.kz-тің мәліметінше, Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров «Sarap» эксперттік клубының отырысында шекаралық аймақтардағы аудандардың инфрақұрылымын дамыту керек екенін айтқан. Сондай-ақ ол халықтың әл-ауқатын арттыру қажет екенін де атап көрсеткен.

Тарбағатай ауданына 30 жыл ішінде бірде-бір депутат бармаған. Әрине, адамдардың билікке, оның ішінде Парламент институтына деген сенімі жоғалады. Қазіргі таңдағы ең негізгі мәселе – ол саяси реформалардың бір мақсаты болуы керек. Оның мақсаты – саяси реформаларды қалыпқа келтіру. Ең негізгісі, халықтың әлеуметтік деңгейін көтеру керек, – деді депутат.