00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Алдағы 3 жылда туризм саласында 60 мыңға жуық жұмыс орнын ашу жоспарлануда – Абаев

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Алдағы 3 жылда туризм саласында 60 мыңға жуық жұмыс орнын ашу жоспарлануда – Абаев
ашық дереккөз

Біз 2025 жылға қарай туризм саласында 60 мыңға жуық жаңа жұмыс орнын ашуды көздеп отырмыз. Инвестициялық және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру да, сондай-ақ экономиканың түрлі салаларында халықтың жұмыспен қамтылуына жол ашатын турбизнес қызметін жандандыру да осыған ықпал етеді. Бұл білікті кадрларға деген сұранысты арттырады, - деді Д. Абаев.

Осы орайда ол 2020 жылдан бастап Түркістан қаласында бейінді Халықаралық туризм және меймандостық университеті жұмыс істей бастағанын, онда 7 бағыт бойынша 1 300-ден астам студент оқитынын айтты.

Университет 2021 жылғы желтоқсанда Біріккен Ұлттар Ұйымының Дүниежүзілік туристік ұйымы (ЮНВТО) Бас Ассамблеясының аккредиттелген мүшесі болды. Түркия, Франция, Португалия, Австрия, Венгрия және басқа елдердің жетекші жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық орнатылды, – деді министр.