00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Мемлекет басшысы жамбылдық оқушының жазған хатына жауап берді

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Мемлекет басшысы жамбылдық оқушының жазған хатына жауап берді
ашық дереккөз

Сабақ үлгерімі жақсы, озат оқушылардың бірі – Жібектің жүрегі де мейірімге толы. Оның хаты Мемлекет басшының қолына тиген. Президент Жібекке жазған жауабында хатты аса ризашылықпен оқығанын айтып, оған ноутбук тарту еткен.

Маған жолдаған ыстық лебізің үшін рахмет. Сенің ертеңгі күні үлкен азамат болып өсіп, еліміздің парасатты перзенті атанатыныңа кәміл сенемін. Біздің бүгін қолға алып жатқан жұмысымыздың барлығы да жарқын болашағымыздың иесі – өздеріңе арналады. Сондықтан сабағыңды үздік оқып, ұстаздарың мен анаңның берген тәлім-тәрбиесін бойыңа сіңіріп, мақсатқа ұмтылудан жалықпа. Отбасыңның қашан да мақтанышы болып, жетістіктерге жете бер, айналайын! Анаң мен бауырыңа менен сәлем, – деп жазды Қасым-Жомарт Кемелұлы.