00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордалық театр әртістері ревакцинациядан өтті

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордалық театр әртістері ревакцинациядан өтті
ашық дереккөз

Қауіпті індеттен қорғанудың жалғыз жолы – ревакцинация. Сондықтан өнер иелері екпенің үшінші кезеңіне қатысып, оның маңыздылығын көрсетіп қана қоймай, ауырмаудың жолын үлгі етті.

Бүгін ревакцинациядан өтіп жатырмыз. Өзім VeroCell екпесін алдым. Музыкалық жас көрермен театры болғаннан кейін көрермендеріміздің қауіпсіздігі үшін жұмысымызға ешқандай қауіп төнбес үшін ревакцинациядан өтіп жатырмыз, - деді театрдың труппа меңгерушісі Алтынбек Амақұлов.

Қазіргі таңда 20-дан астам театр әртісі екпе алды. Ертең өнер ордасының тағы 20-ға жуық қызметкері ревакцинациядан өтеді.

Біз шетелге гастрольдік сапарларға шығамыз, концерттерге барамыз. Сол кезде өзіміздің қауіпсіздігіміз үшін әрі өзгелерге зиянымыз тимес үшін VeroCell екпесін алдық. Қазір күту залында дәрігерлердің бақылауында отырмыз. Ешқандай кері әсері байқалған жоқ, бәрі ойдағыдай, - деді театр актері Дидар Төлегенов.

Эпидемиологиялық талаптарға сай, көрермендердің қауіпсіздігі үшін және сахнада еңбек ететін шығармашылық маман иелерінің денсаулығы үшін, сол сияқты қоғамдық ортада қауіпсіз жүру мақсатында үшінші кезеңдегі ревакцинацияға үн қосып, екпенің кезекті компонентін салдырды.