00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Алматыда ұрылар танымал банкирдің көлігін тонап кеткен

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Алматыда ұрылар танымал банкирдің көлігін тонап кеткен
ашық дереккөз

23:00 шамасында кешкі астан кейін шығып, үйге барайын деп жатқанда көлігімнің бүйір айналары жоқ екенін байқадым. Құрманғазы-Абылайхан көшелерінің қиылысында айналарды шешіп алып кеткен. Бұл Денистің көлігінің айналарын алмақ болған жерден 50 метр қашықтықта орналасқан. Ол оқиғаның қалай аяқталғанын бәріміз ұмытпадық. Осыдан 7 жыл бұрын сол ауданда көлігімнің терезесін сындырып, ноутбугымды алып кеткен.  Мұның бәрі біздің "алтын" шаршы алаңға өте жақын. Шынында да, автомобиль иелері үшін “алтын” орын десек болады. Айналарды қойшы, сақтандыру барлық шығындарды жабады. Өкініштісі, адамдар көз жұмып жатса да, ештеңе өзгермейтінінде. Басында шу шығарды, рейдтер жасады, ұрыларды тапты. Алты ай бойы іс-қимылдар жасалды. Одан кейін бәрі қайтып орнына келді. Қазір полиция ешқандай жүйелік шаралар қабылдап жатқан жоқ, – деп жазды банкир.

Осылай деген Ғалым Құсайынов полицияның жұмысына көңілі толмайтынын жеткізді.

Өйткені олар ұрыларды емес, жол ережесін бұзғандарды іздейді. Тіпті, болған қайғылы оқиғадан кейін де бұл аймақта ешқандай камералар қойылмады. Енді орнатылмайтын да сияқты. Бұл пост ешқандай да айна туралы емес, бізге ешқандай нәтиже бермейтін үстіртін жиындарды өткізудің орнына, іс-әрекет пен заңдарды өзгерту керек екенін түсінуге арналған. Көлге тас лақтырсаң су лайланады, бірақ белгілі бір уақыттан кейін бәрі қалпына келеді, – деді банкир.