Қазақстандық әйел әуежайда 4 мың доллары бар сөмкесін ұмытып, Түркияға ұшып кеткен
25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Көліктегі полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға 7 ақпанда болған. Әйел күту залында 4 мың доллар салынған сөмкесін ұмытып кеткен.
Түркістан қаласының әуежайындағы желілік полиция бөлімшесінің бастығы Нұралы Нұржігіт пен патрульдік полиция қызметкері Қайрат Қошан қызметтік міндетін атқару кезінде жолаушының қалып қалған затын байқаған. Олар сөмкенің иесімен тез арада байланыс орнатып, әйелге қаражатын қайтарып берген.
Әйел Түркістан әуежайының департамент басшылығына және желілік полиция бөлімшесінің қызметкерлеріне алғыс айтып, олардың байқағыштығы мен жауапкершілігін атап өтті, – делінген хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар
21 қараша, 2024
Мүгедектігі бар және асыраушысынан айырылғандарға 574,8 млрд теңге жәрдемақы төленді
20 қараша, 2024
Биыл 403 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді
19 қараша, 2024
Биыл көпбалалы отбасылар қанша жәрдемақы алды
19 қараша, 2024
2025 жылы қазақстандықтар декларация тапсырудан босатылады