Елімізде бизнес пен тұрғындарға қатысты шектеу шаралары жеңілдетілді
Бизнес үшін:
«Ashyq» бойынша «жасыл» және «көк» мәртебесі бар адамдар үшін (келушілерде) эпидемиологиялық қатердің «жасыл» және «сары» аймақтарында – шектеусіз, «қызыл» аймақта – толымдылығы 70%-ға дейін шектеумен (әлеуметтік қашықтықты, маска режимін, күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтаумен) рұқсат етіледі:
сауда, ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, сауда алаңы 1000 шаршы метрден асатын сауда желілерінің (азық-түлік емес), сауда алаңы 6000 шаршы метрден асатын сауда желілерінің (азық-түлік), бассейндердің, ойын клубтарының, түнгі клубтардың, караоке қызметіне;
көрмелер, марафондар, спорттық, салтанатты, естелік, отбасылық іс-шаралар (банкеттер, еске алу), конференциялар, форумдар, ойын-сауық, ұжымдық құлшылық ету және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шаралар өткізуге;
балалардың ойын-сауық орталықтары, лотерея клубтары мен букмекерлік кеңселердің толымдылығына қатысты;
эпидемиологиялық қауіп аймағына қарамастан («қызыл», «сары» және «жасыл») ұйымдар мен кеңселердің офлайн режимде жұмыс істеуі үшін шектеулер (80%, 50% және 30%) алынып тасталды.
Тұрғындар үшін:
- егер екінші компонентті алғаннан кейін 6 айдан аспаса, ревакциналаудың немесе COVID-19-ға қарсы вакциналаудың толық курсын алған ҚР азаматтары үшін елге кірер кездегі міндетті ПТР-тестілеу тоқтатылады;
ПТР тестінсіз вакциналау паспорттарын өзара мойындайтын шетел азаматтарына елге кіруге рұқсат етіледі;
ауру белгілері болмаған жағдайда науқаспен байланыста болған адамдарды үй карантиніне оқшаулау тоқтатылады («Ashyq» жобасынан «сары» мәртебесін алып тастау).
«Pfizer» вакцинасын қолдану рұқсат етіледі:
- мүмкіндігі шектеулі адамдар (барлық топтағы мүгедектер) мен 50 жастан асқан адамдарды ревакциналау кезінде;
- вакциналау үшін мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды (барлық топтағы мүгедектерді), сондай-ақ вакцинаның бірінші компонентін Қазақстаннан тыс жерлерде алған адамдардың вакциналау курсын (екінші доза) аяқтауы үшін.