00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Биыл 1,8 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Биыл 1,8 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
ашық дереккөз

Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 89,7 мың этникалық қазақ оралды.

Жыл басынан Қазақстанға келген қандастардың жартысынан көбі (73,5%) Өзбекстаннан, 11,8% – Қытайдан, 3,7% – Түрікменстаннан, 3,1% – Моңғолиядан және 8,1% басқа елдерден.

Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (28,5%), Маңғыстау (15,7%), Түркістан (14,0%) және Жамбыл (6,6%) облыстарына, сондай-ақ Алматы (6,4%), Нұр-Сұлтан (7,4%) және Шымкент (8%) қалаларына қоныстанды.

Осы жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 59,9%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 24,3%-ды және зейнеткерлер 15,8%-ды құрайды.

Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңейі бойынша 12%-ы жоғары білімді, 39,8%-ы орта кәсіби білімді, 47,1%-ы жалпы орта білімді және 1,1%-ының білімі жоқ.