Қазақстан астанасы Қостанайға көшіріледі – фейк
24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Алайда, Stopfake.kz сайтының жазуынша, ресми дереккөздерінде мұндай мәлімет берілмеген.
Еліміздегі негізгі БАҚ-та да мұндай хабарлама жарияланбаған. Сондай-ақ ресми Akorda.kz порталында да астанамыздың ауысатыны жөнінде дерек жоқ.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та өзінің Twitter-дегі парақшасында мұндай ақпаратты жариялаған жоқ. Сонымен қатар Президенттің баспасөз қызметінің ресми Twitter парақшасында да Қостанай қаласының астана болатыны туралы жазылмаған.
Ешқандай дереккөзде Президенттің астананың Қостанай қаласына ауысатыны туралы мәлімдемесі жоқ, демек ақпарат – жалған.
Ұқсас жаңалықтар
21 қараша, 2024
Мүгедектігі бар және асыраушысынан айырылғандарға 574,8 млрд теңге жәрдемақы төленді
20 қараша, 2024
Биыл 403 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді
19 қараша, 2024
Биыл көпбалалы отбасылар қанша жәрдемақы алды
19 қараша, 2024
2025 жылы қазақстандықтар декларация тапсырудан босатылады