00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Балабақша тәрбиешісі бүлдіршінді салқын бөлмеге қамап қойған (ВИДЕО)

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Балабақша тәрбиешісі бүлдіршінді салқын бөлмеге қамап қойған (ВИДЕО)
ашық дереккөз

«Астана» телеарнасының мәліметінше, Павлодарда балабақша тәрбиешісі екі жасқа толмаған баланы жалаңаштап, салқын бөлмеге қамап қойған. Оны баланың  ата-анасы бейнебақылау камерасынан көріп қалып, дабыл қақты. Қатыгездік тәрбиеші жазалансын дейді олар.

Балабақшалардағы былық қашан аяқталады?  Министрлік уәде еткен тексерістер қалай жүріп жатыр?

Ата-ана бір жастан асқан сәбиінің жалаңаш жүрген бейнежазбасын жариялады.

Қызымның 40 минут бойы киім шешетін бөлмеде өзі жалғыз отырғаны жүрегімді ауыртты. Бейнежазбада көргендеріңіздей,  қызымның үстінде киімі жоқ, жүгіріп жүр.  Тәрбиеші столдың үстінде тұрған киімді кигізбей, суық бөлмеге қамап қойған.  Қазір қызым қараңғы жерден қорқады. Үйде барлық жерде жарықты қосып жүреді, – дейді баланың анасы Алина Омарова.

Оның қызы бұл балабақшаға жарты жылдан астам уақыттан бері барады. Соңғы кезде бірнеше бала тамақтан ұшынды дейді. Айтуынша, осы мәселені көтеруге барғанда біраз былықты байқаған.

Бүгінгі таңда тәрбиешіге аяғы ауыр болғандықтан қатаң сөгіс жариялай алмадық. Бірақ күні кеше ресми түрде тәрбиеші мен оның көмекшісі жұмыстан қуылды, – деді балабақша директорының міндетін атқарушы Елена Данковская.

Бұл – бірінші жағдай емес. Бұған дейін де еліміздегі балабақшаларда неше түрлі келеңсіздіктер болған. Осыған байланысты Білім және ғылым министрлігі тексеру жүргізіліп жатқанын айтты.  

Былтырғы жылдан бастап мемлекеттік аттестация енгізілді қайтадан, білім беру ұйымдары – бұлар балабақшалар, мектептер, колледждер болатын. Былтырғы жоспар бойынша, 78 балабақшаның 80 проценті аттестациядан өткен жоқ, – деді БҒМ Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары Майра Мелдебекова.

Ал жекеменшік балабақшалардың мәселесіне олар араласа алмайтындарын жеткізді. Онымен заң органдары мен прокуратура айналысады.