Елордада «қызыл» статус талабын қанша адам бұзды
Қаланың бас санитария дәрігері елордада жыл басынан бері коронавирус ауруына қатысты жағдай өте шиеленісіп тұрғанын айтты.
Қазіргі тұрақтандыру үрдісіне қарамастан, ауру жұқтыру жоғары деңгейде. Бір күнде 822 адамның ауру жұқтырғаны анықталды. 2022 жылдың басынан бері 79 494 жағдай тіркелді, бұл республикадағы барлық тіркелген жағдайдың 45 пайызын құрайды, - деді Бейсенова.
Елордалық санитария дәрігер сырқаттанған адам қайтадан вирустың тасымалдаушысы болуы мүмкін екенін еске салды. Барлық адамдар профилактикалық шараларды сақтауы керек: бетперде кию, қашықтықты сақтау, қолды дезинфекциялау.
Тек қаңтар айында «қызыл» мәртебе талабын бұзған 3 910 адам анықталды. Пандемиямен күресте сіз қоса алатын маңызды үлес - карантиндік шараларды қатаң сақтау және әлеуметтік жауапкершіліктің барынша жоғары деңгейін көрсету, - деді Сархат Бейсенова.