Қаржы пирамидасын құрған ерлі-зайыптылар ұсталды
24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Оларға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 217-бабы бойынша Алматы облысында және еліміздің басқа өңірлерінде «Елімай 2019» тұтыну кооперативі қаржы пирамидасын құру және оған басшылық ету фактісі бойынша қылмыстық істер тергелуде. Күдіктілер Алматы облысының уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қазіргі уақытта алдын ала тергеу органына 125-тен астам зардап шеккен адам жүгінді, жәбірленушілердің саны әлдеқайда көп болуы мүмкін. Осыған байланысты Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті зардап шеккен азаматтарды Өтеген батыр кенті, Батталханов көшесі 11а мекенжайы бойынша немесе +7 (727) 251-71-06 сенім телефонына хабарласуды сұрайды.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 19:17
Қазақстанда «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» халықаралық акциясы басталды
Бүгін, 10:42
Биыл 16 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
Бүгін, 09:57
Демалыс лагерьлеріне жолдама «Әлеуметтік әмиян» арқылы берілуі мүмкін
21 қараша, 2024
Мүгедектігі бар және асыраушысынан айырылғандарға 574,8 млрд теңге жәрдемақы төленді