00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Жеке көмекші қызметін кімдер пайдалана алады

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Жеке көмекші қызметін кімдер пайдалана алады
ашық дереккөз

Қызмет ХҚКО немесе egov.kz порталы арқылы тегін рәсімделеді.

Қызметті онлайн алу үшін:

1. Порталға авторизация арқылы кіріңіз де, «Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерді жеке көмекшінің қызметімен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу» қызметін табыңыз;

2. Қызметке онлайн тапсырыс беріңіз және өтінімді толтырып, оған ЭЦҚ немесе смс-пароль арқылы қол қойыңыз;

3. Сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарлама жеке кабинетіңізге келеді.

Қызметті ХҚКО-да алу үшін:

1. Өтініш;

2. Жеке басын куәландыратын құжат;

3. Мүгедектігі бар адамның атынан жүгінсеңіз сенімхат керек.

Екі жағдайда да қызмет көрсету мерзімі - 10 жұмыс күні.

Клиентке жауап СМС-хабарлама арқылы жолданады.