00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Мас күйінде көшеде ұйықтап қалған шенеунік жұмыстан босатылды

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Мас күйінде көшеде ұйықтап қалған шенеунік жұмыстан босатылды
ашық дереккөз

ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Солтүстік Қазақстан бойынша департамент басшысы Абай Балабековке қатысты іс тәртіптік кеңесте қаралды.

Оқиға өткен жылдың қараша айында болған. Автобус аялдамасында алаңсыз ұйықтап жатқан мемлекеттік қызметшіні патрульдік полиция тауып алған. Онлайн өткен кеңесте айыпты жүрек талмасы болғандықтан көшеде жатқанын айтып, ақталды.

Мен бала кезден жүрек ауруына шалдыққанмын, диспансерлік тіркеуде тұрмын. Тыныс алу жолдарында да ақау бар. Үйге бармақ болып такси шақырттым, келмеді. Автобус аялдамасында қоғамдық көлік күттім. Сағат 22.00 шамасы болатын. Спирттік ішімдіктен бар-жоғы 300 грамм алған едім. Аялдамада көзімді жай ғана жұмып жатқан едім. Полиция тап болды, – дейді Арман Балабеков.

Алайда медициналық куәландыру шенеуніктің спирттік ішімдікке тойып алғанын көрсеткен. Тәртіптік кеңес мүшелері оны қызметінен босату жөніндегі ұсынысты дауысқа салды.

Арман Балабеков Әдеп кодексінің нормаларын бірінші рет бұзып отырған жоқ. 2020 жылы мас күйінде көлік тізгіндегені және өз көлігін мас адамға жүргізуге бергені анықталған еді. Кеңес мүшелері бірауыздан шенеунікті қызметінен босату жөнінде ұсыныс жасау шешімін қабылдады, – дейді Мемлекеттік қызмет істері агенттігі СҚО бойынша департаментінің бас маманы Махаббат Самрат.