00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қаңтардағы оқиғалар кезінде қаза тапқан барлық бейбіт тұрғынның несиелері кешіріледі

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қаңтардағы оқиғалар кезінде қаза тапқан барлық бейбіт тұрғынның несиелері кешіріледі
ашық дереккөз

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры Александр Терентьев айтты.

Департамент басшысы нұсқауларға сәйкес тәртіпсіздіктер кезінде қаза тапқан әскери қызметкерлердің де несиелері есептен шығарылатынын еске салды.

Дәл осындай жұмыстарды агенттік тәртіпсіздіктер кезінде қаза тапқан бейбіт тұрғындардың тізімдері бойынша жүргізетін болады. Қазіргі таңда бұл жұмыс іске асуда, - деді Терентьев.

Бұдан бөлек агенттік департаментінің басшысы тәртіпсіздіктерден зардап шеккен қазақстандықтар несиелер мен шағын несиелердің барлық түрлері бойынша төлемдерді кейінге қалдыруға сенім арта алатынын атап өтті.

Кешіктіріп төлеу барлық зардап шеккен заңды және жеке тұлғаларға төтенше жағдай енгізілген күннен бастап үш ай көлемінде беріледі. Сондай-ақ кешіктіріп төлеу мерзімін жеке негізде ұзарту мүмкіндігі де қарастырылған.