Нұр-Сұлтанда жас жігіт 29 бума синтетикалық есірткімен ұсталды (ВИДЕО)
24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
ПД мәліметінше, Петров көшесінде 23 жастағы күдікті ұсталған. Полиция қызметкерлері тінту барысында одан 29 бума есірткі тауып, тәркілеген.
«Есірткі сатушы» тауарды жеке интернет-дүкен арқылы өткізіп, адам көп жиналатын жерге жасырып кетеді. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұсталған адам полиция қызметкерлеріне есірткі заттары жасырылған орындарды көрсетті, - делінген хабарламада.
Ер адам қамауға алынған. Оған Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі («Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, өткізу мақсатында тасымалдау, жөнелту немесе өткізу») бойынша айып тағылған. Бап санкциясы мүлікті тәркілей отырып, 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздейді.
Ұқсас жаңалықтар
19 қыркүйек, 2024
Жұмысынан айырылған 217 мыңнан астам адамға әлеуметтік көмек берілді
19 қыркүйек, 2024
11 мыңнан астам қазақстандыққа арнаулы әлеуметтік төлем тағайындалды
18 қыркүйек, 2024
Қазақстандықтар ішімдік ішуден қай елдерді басып озған
17 қыркүйек, 2024
385 мыңнан астам адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді