00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Алматыдан астана мен Ақтөбеге қосымша үш пойыз қосылды

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Алматыдан астана мен Ақтөбеге қосымша үш пойыз қосылды
ашық дереккөз

Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

• «Алматы-2-Нұр-Сұлтан Нұрлы жол» (Тальго) бағытындағы №207/208 пойызы Алматыдан 20 сағат 07 минутта аттанады. Пойыз Нұр-Сұлтан қаласына 13 қаңтарда сағат 10.25 минутта келеді. Осы пойыз 13 қаңтарда сағат 21.20-да Нұр-Сұлтан қаласынан кері жөнелтіледі.

• «Алматы-2-Нұр-Сұлтан-1» қатынасындағы №205/206 пойызы Алматы-2-ден 2022 жылдың 12 қаңтарында сағат 22.05-те аттанып, елордаға 13 қаңтарда сағат 19.06-да келеді. Дәл осы пойыз Нұр-Сұлтан-1 станциясынан 21 сағат 52 минутта кері қарай жолға шығады. 

• «Алматы-2 – Ақтөбе» бағытындағы №213/214 пойызы осы жылдың 12 қаңтарында сағат 12.33-те жолға шығады. Ақтөбеге 14 қаңтарда сағат 07.25-те келеді. Сол күні аталған құрам Ақтөбеден Алматыға сағат 15.00-де жөнелтіледі.

Пойыздардың қозғалысы қалпына келтірілгенін еске саламыз. Барлық жолаушылар пойыздары кесте бойынша жүреді.

Билет туралы ақпаратты BILET.RAILWAYS.KZ сайтынан және  Кaspi.kz  мобильдік қосымшасының «ҚТЖ билеттері» бөлімшесінен білуге болады.