«Эпиджағдай нашарлауда»: Алтай Көлгінов қала тұрғындарына үндеу жасады
«Құрметті қала тұрғындары!
Қаламызда жағдай тұрақты, қауіпсіздік жағдайы қамтамасыз етілген. Бірақ соңғы күндері эпидемиологиялық жағдайдың күрт нашарлағаны туралы айту қиындау. Елорда «қызыл аймаққа» өтті.
Бұрын тәулігіне орта есеппен коронавирус жұқтырған 100-ге жуық науқас тіркелсе, қазір бұл жағдай 1200-ден 1,5 мыңға дейін өзгерді! Күніне 100-ге жуық науқас ауруханаға жатқызуды қажет етеді. Бұл жай ғана сан емес, оның әрқайсысының артында әр азаматтың денсаулығы тұр. Ал бұл қаланың медициналық мекемелеріне үлкен жүктеме!
Каламызда коронавирустың жаңа штамы – «омикрон» пайда болғалы бері науқастар қатары күрт өскенін байқап отырмыз. Дәрігерлер айтқандай, бұл жағдай өткен мерекелік күндермен тікелей байланысты. Омикрон штамы жылдам тарайтын, барлық жастағы адамға жұғатын теріс қасиетке ие! Жедел медициналық жәрдем станциясына тәулігіне 4,5 мыңнан аса адам жүгінеді; шақырулар – 2 мыңнан астам.
Бүгін №10 емханаға бардым. Негізгі күш қаланың емханаларына түсіп отыр. Амбулаториялық қызметтердің жұмысын күшейтуді тапсырдым. Осыған дейін коронавируспен ауыратын науқастардың үйіне қатынайтын мобильді бригадалардың саны 300-ге дейін артқан, сол сияқты қаланың медициналық мекемелері қосымша жабдықтармен және дәрі-дәрмектермен жабдықталған.
Қосымша тағы 4 ауруханаға инфекциялық стационарлар орналастырылды. Бұл бізге төсек санын екі есе арттыруға мүмкіндік беріп отыр. Жалпы алғанда 1200-ден астам төсек-орын бар.
Науқастар санының одан әрі өсуіне жол бермеу үшін қала тұрғындарын санитарлық нормаларды қатаң сақтауға, адам көп жиналатын орындарға бармауға, бір-біріне қонаққа бармауға, ірі отырыстарға қатыспауға шақырамын.
Мен әлі екпе алмаған барлық азаматты вакцина алуға, сондай-ақ ревакцинация уақыты жақындағандарды қайтадан өтуге шақырамын.
Коронавирус жұқтырған жағдайда вакцинацияланған азаматтар вирусты әлдеқайда жеңіл өткізеді. Вакцинация арқылы ғана сіз өзіңіздің және жақындарыңыздың денсаулығын қорғай аласыз. Өз ағзаңызды адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін қауіпті вируспен сынамаңыз», - деп жазды елорда әкімі.