Алматыдағы тәртіпсіздік кезінде әскери КамАЗ-ды басып алған ер адам ұсталды
24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
27 жастағы Павлодар облысы Екібастұз қаласының тұрғыны болып шықты. Айыпталушының тонауға да қатысы бар екені анықталды.
Алатау ауданының полиция қызметкерлері күдіктіні «Өжет» ықшам ауданында ұстады.
«Одан қару-жарақ дүкенін тонау нәтижесінде ұрланған 30 патроны бар тегіс ұңғылы «Сайга» мылтығы тәркіленді. Қылмыстық жолмен алынған тағы бірнеше атыс қаруын Алатау аудандық полиция қызметкерлері үш ер адамнан анықтады. Қару-жарақ сататын дүкендерді тонау нәтижесінде олар «Аta-аrms», «Remington-700» және «Sauer-202 мылтықтарын оқ-дәрілерімен бірге заңсыз иемденген», - делінген хабарламада.
Күдіктілер қамауға алынды.
Ұқсас жаңалықтар
26 қараша, 2024
Қазір Қазақстанда қанша шетелдіктің жұмыс істеп жүргені белгілі болды
25 қараша, 2024
Қазақстанда «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» халықаралық акциясы басталды
25 қараша, 2024
Биыл 16 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
25 қараша, 2024
Демалыс лагерьлеріне жолдама «Әлеуметтік әмиян» арқылы берілуі мүмкін