Елордадағы дүкен сөрелерінде тапшылық жоқ
Елордаға кіреберістерде 6 блок-бекет орнатылды, ол жақтан қалаға азық-түлік тауарларын кіргізу кедергісіз ұйымдастырылған. Сондықтан қалада азық-түлік тапшылығы жоқ. Барлық сауда нысаны штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Қала коммендантының талабы бойынша, дүкендерден алкогольді ішімдіктер алынып тасталды. Бағалар тұрақты. Комендант талабын орындамаған кәсіпкерлер қатаң жазаға тартылады, – деді елорда әкімінің орынбасары Ерлан Бекмурзаев.
Тұран даңғылы, 45 мекен жайында орналасқан «Анвар» гипермаркетінде қарбалас жоқ. Сауда үйінің директоры Наталья Крастыньның айтуынша, елдегі төтенше жағдай сауда нысанына еш әсер етпеген.
Барлық тауар жеткілікті. Бос тұрған сөрелер жоқ. Келім-кетім кісілер тарапынан да алаңдаушылық байқалмайды, – дейді ол.
Ал «Магнум» әзірше төтенше жағдай режимінде жұмыс істеп жатыр.
Бірте-бірте дүкендеріміздің жұмыс істеу уақыты ұзарады. Астанадағы барлық филиалымыз ашық. Тауарлар бекітілген кесте бойынша уақытылы жеткізілуде. Алкогольді сатылымнан алып тастадық, – дейді «Магнум» гипермаркетінің аймақтық директоры Елена Зеленко.