Елордада жағдай тұрақты – Алтай Көлгінов
15 тамыз, 2024


ашық дереккөз
Құрметті қала тұрғындары! Қаламызда жағдай тұрақты. Дегенмен, құқық қорғау органдарының бәрі жұмысын күшейтілген режимде жалғастыруда. Елорданың периметрі бойынша блокпосттар орнатылды, сол сияқты полиция қызметкерлері аулаларды және пәтерлерді аралайды. Өздеріңіз білетіндей, қаламызға сағат 23:00-ден 7:00-ге дейін коменданттық сағат енгізілді. Полиция қаланы күзетеді. Бұл уақытта тұрғындардың сыртқа шығуына тыйым салынады. Қала тұрғындарын өздері мен жақындарының қауіпсіздігі үшін ТЖ режимінің барлық ережесін сақтауға, адам көп жиналатын орындарға бармауға, деструктивті күштердің арандатуына ермеуге, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырамын! - деп жазды қала әкімі.
Ұқсас жаңалықтар

21 ақпан, 2025
«Қызымды психикалық орталық қызметкерлері зорлады»: Шымкенттегі жантүршігерлік жайт

21 ақпан, 2025
Көпбалалы аналарға әлеуметтік төлем беріледі

20 ақпан, 2025
Қаржылық сауаттылық деңгейінің төмендігінен халық қарызға батып жатыр – қаржы сарапшысы

19 ақпан, 2025
Арақ ішкен адам 40 күнге дейін ораза ұстай ала ма