00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Шет елдердегі отандық туристер елге елорда арқылы жеткізіледі – министрлік

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Шет елдердегі отандық туристер елге елорда арқылы жеткізіледі – министрлік
ашық дереккөз

Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Камалиев Азаматтық авиация комитетінің, Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің, әуе компанияларының, әуежайлардың, «ҚТЖ» ҰК« АҚ мен Қазақстанның туроператорлар қауымдастығының басшылығымен өткен кеңейтілген кеңесте шет елдерге демалысқа кетіп, әуежайлар жұмысының тұрақсыздығына байланысты елге оралуы қиындаған қазақстандықтарды эвакуациялау кестесін тез арада әзірлеуді тапсырды.

Кеңесте рейстерді ұйымдастыруға тартылған барлық қатысушылардың өзара іс-қимылының егжей-тегжейі пысықталды.

«ҚТЖ« ҰК» АҚ басшылығына пойыздарды жасақтау кезінде жолаушыларды қайтару кестесін ескеру және оларға барынша көмек көрсету тапсырылды.