«Президенттің батыл қадамдарын қолдаймыз» – №1 автобус паркінің ұжымы (ВИДЕО)
24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Бүгінде терроршыларға қарсы операция жалғасуда. Полиция, Ұлттық ұлан және армиямыздың күшімен Конституцияға сәйкес заңдылық пен тәртіп орнату мақсатында ауқымды әрі күрделі жұмыс атқарылып жатыр.
Осы орайда елорданың түрлі мекеме, кәсіпорындарының ұжымы Мемлекет басшысының тәртіпсіздіктерді жойып, елдің тұрақтылығын сақтау жолында атқарып жатқан нақты шешімдеріне қолдау білдіруде.
Мәселен, қаладағы №1 автобус паркі ұжымының елдің қауіпсіздігіне қатер төндіріп жатқан бүлікшілерді айыптап, халықты сабырға шақырған видеосы тарады.
Елімізге тыныштық тілейміз. Ел іргесі аман болсын. Нұр-Сұлтанда төтенше жағдайға қарамастан №1 автобус паркінің міндеттері штаттық режимде атқарылуда, – дейді №1 автобус паркінің өкілі.
Ұқсас жаңалықтар
19 қыркүйек, 2024
Жұмысынан айырылған 217 мыңнан астам адамға әлеуметтік көмек берілді
19 қыркүйек, 2024
11 мыңнан астам қазақстандыққа арнаулы әлеуметтік төлем тағайындалды
18 қыркүйек, 2024
Қазақстандықтар ішімдік ішуден қай елдерді басып озған
17 қыркүйек, 2024
385 мыңнан астам адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді