Әділет министрлігі 47 мемлекеттік қызметті электрондық форматқа ауыстырды
«Цифрлық ипотека» цифрлық пилоты ішінара блокчейн технологиясын қолдана отырып басталды, енді азаматтар пәтерлерді құрылыс салушылардың сайтында таңдап, ипотекалық қарызды бірден рәсімдей алады. Бұған бірнеше компания және бірнеше банк қатысады. Нәтижесінде жылжымайтын мүлікті үш күннің ішінде сатып алуға және кепілге қоюға болады, бұрын бұл орташа есеппен бір айға созылатын. Сондай-ақ, жылжымайтын мүлік бойынша тіркеу мерзімі үш күннен бір күнге дейін қысқарды, Жеделдетілген тіркеу бір күннен 3 сағатқа дейін қысқарды. Мәміле жасалғаннан кейін меншік иесінің жеке кабинетіне жылжымайтын мүлік иесінің құқықтарын мемлекеттік тіркеу туралы хабарлама келіп түседі», - деді министр.
Бұдан басқа, азаматтар ХҚКО бармай-ақ, «Egov» порталы арқылы жылжымайтын мүлікке техникалық паспорт ала алады. Енді кез келген ХҚКО-да АХАТ-тан деректер алу мүмкіндігі бар. Азаматтық хал актілері жазбаларының электрондық мұрағаты шеңберінде аумақтан тыс қағидат енгізілді. Құжаттарды алу мерзімі 30 күннен 3 күнге дейін қысқартылды. Мемлекеттік қызметтерді электрондық форматқа көшіру азаматтардың уақыт және қаржы шығындарын қысқартты.