00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

12 жасқа толмаған балалардың паспортын жиі ауыстыру туралы бастама көтерілді

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
12 жасқа толмаған балалардың паспортын жиі ауыстыру туралы бастама көтерілді
ашық дереккөз

12 жасқа дейін балалар құжатының жарамдылығын 5 жылға дейін қысқарту, ал 12 жастан асқандарға 10 жыл күйінде қалдыру ұсынылып отыр. Сәйкесінше, халық қалаулыларының ойынша, кәмелет жасқа толмағандарға шетелге шығуға мүмкіндік беретін төлқұжатты, яғни паспортты жиі ауыстыруға тура келетіндіктен, мемлекеттік алым мөлшерін 23 336 теңгеден 11 668 теңгеге, яғни екі есеге азайту қажет. 

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша таныстырылымда баяндама жасаған Ерлан Смайлов балалардың түрі 2-3 жылда адам танымастай өзгеретінін келтірді.

«Сондықтан ата-анаға балаға жаңа паспортты халықаралық 1-2 сапар сайын айырбастауға тура келеді. Бұл отбасыға біраз шығын әкелуі мүмкін», – деді ол.

Сонымен қатар, сыртқа көп сапар шегетіндерге төлқұжаттың бетін 48 бетке көбейту көзделуде. Тиісінше оның өзіндік бағасы 12 АЕК-ке қымбаттамақ. Депутат 10 жылға жарамды кәдімгі 36 беттік паспорт пен оның 8 АЕК құны сол күйі қолданыста қала беретініне сендірді.