Мемлекеттік қызметкерлерге «таксист болуға» рұқсат берілуі мүмкін
24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Бүгінде ондай норма жоқ. Бірақ болашақта оны заңға кіргізуді ойластырып жатырмыз. Мысалы, жұмыстан бос уақытта айналыса алады. Дәл қазір заңнамада жоқ. Бірақ оны дайындап жатырмыз. Неге біз оларға қосымша жұмыс істеуге мүмкіндік бермейміз? - деді Жайылғанова.
Осы орайда тілшілер нақты қандай қосымша жұмыспен айналысуға рұқсат берілетінін сұрады.
Кәсіпкерлікпен емес. Қосымша басқа да жұмыстар болады ғой. Мысалы, жұмыстан бос уақытта такси жүргізуші болып жұмыс істегісі келеді. Отбасыны асырауға қосымша қаражат қажет болса, соған рұқсат беру үшін заңнамаға өзгерістерді дайындап жатырмыз. Бірақ ол әлі қабылданған жоқ. Ал кәсіпкерлікпен айналысуға болмайды, - деп нақтылады Жайылғанова.
Ұқсас жаңалықтар
21 қараша, 2024
Мүгедектігі бар және асыраушысынан айырылғандарға 574,8 млрд теңге жәрдемақы төленді
20 қараша, 2024
Биыл 403 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді
19 қараша, 2024
Биыл көпбалалы отбасылар қанша жәрдемақы алды
19 қараша, 2024
2025 жылы қазақстандықтар декларация тапсырудан босатылады