Баланы оқтаумен ұрған балабақша қызметкері жұрттың наразылығын тудырды (ВИДЕО)
24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Бейнежазба авторы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің Instagram-дағы ресми парақшасын белгілеген.
Ерні жыртылған, денесінде қатты соққыдан қалған іздер бар. Құлағын жұлып, шашынан сүйреп жүр. Мынау расымен балабақша ма? Асхат Аймағамбетов, сіз министр болғалы мұндай жағдай жиі қайталанып жүр. Тәрбиешінің бұл әрекеті қылмыс қана емес, адамдар соның кесірінен басқа да тәрбиешілер мен балабақшаларға сенуден қалады, - деп жазған видео авторы.
Осы фактіге сай ҚР ҚК 140-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Қылмыстық іс материалы Алматы қаласы Жетісу аудандық ПБ өндірісінде жіберілді.
Тергеу кезінде аталған жайтқа байланысты барлық ақпарат толықтай зерттеледі. Тәрбиешінің іс-әрекеті заң жүзінде сараланып, соған сәйкес жауапқа тартылады, – деп мәлімдеді Алматы ПД баспасөз қызметі.
Ұқсас жаңалықтар
21 қараша, 2024
Мүгедектігі бар және асыраушысынан айырылғандарға 574,8 млрд теңге жәрдемақы төленді
20 қараша, 2024
Биыл 403 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді
19 қараша, 2024
Биыл көпбалалы отбасылар қанша жәрдемақы алды
19 қараша, 2024
2025 жылы қазақстандықтар декларация тапсырудан босатылады