"Оқушыны бірнеше қыз аса қатыгездікпен сабаған": Айгүл Орынбек министр Тұрғымбаевқа жазба арнады
Жасөспірімдер арасындағы бұзақылықты алдын алмасақ, болашақта түрмелер ел бұзарларға толады!
Ерлан Тұрғымбаев мырза, жергілікті полиция инспекторлары мектептерді аралап “жастар арасындағы қылмысты алдын алу бағытында” түсіндірме жұмыстарын өткізу керек деп ойлаймын.
Жекеме келген хаттың мәтіні!
Түркістан облысы Кентау қаласы №1 мектептің 8-сынып оқушысы Р. С-ны бірнеше қыз болып аса қатыгездікпен сабаған. Барлығын видеоға түсіріп тұрған. Оқиға болған орын Кентау қаласы 22-мектептің территориясы. Қазіргі уақытта таяқ жеген 14 жасар оқушы қыз Кентау қалалық ауруханасының травматология бөлімінде жатыр. Қыздың анасының айтуынша, дәрігерлер тиісті медициналық сараптамаларды бермей отыр дейді. Учаскелік полиция келіп шағым алғаннан әрі іс қозғалмай тұр. Істі жылы жапқылары келеді дейді. Мектеп әкімшілігі тарапы үнсіз. С мектепке барудан бас тартып жатыр дейді анасы. Жақындары қыздың психикалық жағдайы алаңдатып отырғанын айтады, – деп жазды ол.