00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Биыл елордалық қонақүйлерге жарты миллионнан астам адам барған

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Биыл елордалық қонақүйлерге жарты миллионнан астам адам барған
ашық дереккөз

Өңірлер арасында ең көп қызмет көрсеткен Алматы болып шықты, мұнда жыл басынан бері 18,6 млрд теңгеге (былтырғыдан 61,3%-ға көп) қызмет көрсетілген. Үздік үштік ішінде елорда (13,7 млрд тг, бір жылда +70,2%) және Ақмола облысы (8 млрд тг, бір жылда +79,2%) бар.

Саладағы ең аз қызмет Қызылорда облысында көрсетілген (небәрі 820,1 млн тг).

Биыл еліміздегі орналастыру орындары 4,1 млн адамға қызмет көрсеткен, бұл былтырғы көрсеткіштен 60,1%-ға көп. 

Өңірлерге шақсақ, ең көп адамға қызмет еткен қала Алматы (842,9 мың адам) болып шықты. Нұр-Сұлтандағы қонақүйлер 524,5 мың адамға, Алматы облысындағы қонақүйлер 522,3 мың адамға қызмет көрсеткен.

Ал Атырау облысындағы қонақүйлерге адамдар ең аз барған, мұнда бір жылда небәрі 30,5 мың адамға қызмет көрсетілген. Айта кету керек, Атырау облысы – қызмет көрсету көлемі мен қонақтар саны бойынша айтарлықтай аз көрсеткіш көрсеткен жалғыз өңір.