Байқоңырдағы барлық, оның ішінде ресейлік мектептерде де қазақ тілі оқытылатын болды
24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
“Байқоңыр қаласындағы мектептерде оқыту стандарттарына қарамастан, яғни мейлі қазақстандық, мейлі ресейлік стандарт болсын, қазақ тілі, қазақ әдебиеті және Қазақстан тарихы оқытылатын болды”, – деді әкім.
Оның айтуынша, бұл мәселе соңғы бірнеше жыл бойы талқыланып келген.
“Осы мәселе төңірегінде әртүрлі келіспеушіліктер болатын, бірақ бұл жолы мәмілеге келдік. Біздің мектептерімізде де, Ресейдің мектептерінде де қазақстандық балалар оқиды. Меніңше, бұл бастама балаларымыздың өз тілі мен тарихын зерттеуіне жақсы ықпал етеді”, – деп толықтырды сөзін Г. Әбдіқалықова.
Сондай-ақ ол өзіміздің тараптан мектепті білікті мұғалімдермен, оқулықтармен, қосымша материалдармен қамтамасыз ету жүргізілетінін айтты.
Ұқсас жаңалықтар
21 қараша, 2024
Мүгедектігі бар және асыраушысынан айырылғандарға 574,8 млрд теңге жәрдемақы төленді
20 қараша, 2024
Биыл 403 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді
19 қараша, 2024
Биыл көпбалалы отбасылар қанша жәрдемақы алды
19 қараша, 2024
2025 жылы қазақстандықтар декларация тапсырудан босатылады