00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

МӘМС: Биыл елордада медициналық көмекке 67,4 млрд теңге жұмсалды

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
МӘМС: Биыл елордада медициналық көмекке 67,4 млрд теңге жұмсалды
ашық дереккөз

Оның ішінде, консультативтік-диагностикалық көмекке – 10,9 млрд, стационарды алмастыратын көмекке – 3,9 млрд, скринингтік зерттеулерге – 257,5 млн, онкогемотологияға – 300,8 млн  жіберілген.

«Қазіргі күні Қор Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 113 медициналық қызмет жеткізушімен шарт жасалды, оның 76-сы – жекеменшік клиникалар.  Жыл өткен сайын тұрғын халыққа медициналық қызмет көрсететін жекеменшік қызмет жеткізушілер үлесі артуда. Бұл пациенттің үздік клиниканы таңдауына мүмкіндік береді. Медициналық қызмет жеткізушілер тізімін Қордың fms.kz сайтынан қарауға болады», - деді Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры елорда филиалының басшысы Нұрлыбек Қабдықапаров.

Филиал басшысының айтуынша, 2021 жылдың алдын ала қорытындысы бойынша Қор активі есебінен елорда стационарларында жоспарлы түрде 91 460 пациент емделді, бұған 43 млрд 537 млн 25 мың теңге жұмсалды.

Ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтер бойынша, жоспарлы емдеуге жатқызуға кезектің төмендегені байқалады. Пациенттердің 1%-ы ғана ауруханаға жату үшін бір айдан аса уақыт күткен. 2020 жылы пациенттердің 5%-ы бір айдан астам күту парағында тұрған.

 2021 жылы 28 мыңнан аса босандыру қызметі қаржыландырылған.

«Өткен жылмен салыстырғанда, 2021 жылы жүргізілген ота саны артып отыр. Тек жоғары технологиялық медициналық қызметтің көмегімен қосымша МӘМС бойынша 5,8 мың ота жасалып, оған 13,4 млрд теңге жұмсалды. Кардиохирургиялық ота 2 мың пациентке жасалса, нейрохирургиялық ота (нейронавигациялық жүйе қолданылған) – 1 мың аса адамға, ортопедиялық ота – 2 мыңнан аса пациентке жасалды», – деді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаров.