Елордада Қазақстанға келу ережесін бұзған 675 шетелдік анықталды
Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің мәліметінше, іс-шараның мақсаты – елорданың көшелері мен қоғамдық орындарында тиісті құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, заңсыз көші-қонның алдын алу және жолын кесу.
«Жедел алдын алу іс-шарасының екі күні ішінде елордалық гарнизон шетелдік азаматтардың келу ережесін бұзуының 675 фактісі анықталды. Әкімшілік жауапкершілікке 471 шетелдік тартылды. Шақырылған шетелдіктердің бекітілген ережені, сонымен қатар шетелдік жұмыс күшін тарту ережесін бұзғаны үшін 180 азамат және шетелдіктердің еңбек қызметін заңсыз жүзеге асырлғаны үшін Қазақстан Республикасының 24 азаматы жауапқа тартылып отыр. Сонымен қатар іздеуде жүрген 5 қылмыскер, оның ішінде Қазақстан Республикасының 4 және шетелдік 1 азамат ұсталды»,- деп атап өтеді ведомство.