00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Әйелдерге қарсы зорлық-зомбылық жайлы BBC деректі фильмдерінің топтамасы

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Әйелдерге қарсы зорлық-зомбылық жайлы BBC деректі фильмдерінің топтамасы
ашық дереккөз

“Жас төгілген тасжол” / "Шоссе слёз". Канадада жоғалып кеткен қыздар жайлы фильм

Канаданың жан түршіктірер құпиясы бар. Соңғы отыз жыл бойы жергілікті халықтан шыққан, отызға да толмаған жас қыздар ұшты-күйлі жоғалып, кейбіреулерін өлтіріп кеткен. Сол қыздардың көбін жұрт ең соңғы рет тасжол бойында көлік тосып тұрған кезінде көрген. “Жас төгілген тасжол” деген атауы да содан қалған екен.

 

“Естеріңде болсын: сендер кінәлі емессіңдер!”. Зорлық-зомбылықтан кейін қалай ес жиып, басқа құрбандарға қалай көмектесу керектігі жайлы фильм

Бренда Майерс-Пауэлл Чикагода өскен. Бренда алты айлық кезінде оның анасы қайтыс болып, бұл маскүнем әжесінің қолына көшеді. Бала кезінен Бренданы балағаттап, ұрып-соғып, қорлық көрсетеді. Бренда үшін өзітұрған көшеде жұмыс істейтін жезөкшелер тамаша әрі жұмбақ жанды әйелдер болып көрінетін. Жасөспірім шағында Бренда да солардың біріне айналады. Ол есірткіге тәуелді болып, 25 жыл бойы көшеде жұмыс істейді, бірақ бірде клиентпен қызылкеңірдек болып қырқысқан Бренда ауруханада есін жияды да, бұдан әрі қарай төзе алмайтынын түсінеді.

 

“Танзаниядағы қыздарды сүндеттеу” / “Женские обрезания в Танзании”

Қыздарды сүндеттеуге Танзанияда тыйым салынған. Алайда елдің солтүстік аймақтарында көп отбасы әлі күнге дейін осы варварлық дәстүрлі ұстанып, жаңа туған сәби қыз балаларға да, жасөспірімдерге де осы отаны жасайды. Онда егер қыз сүндеттеулі болса, күйеу жігіт тарапынан берілетін сый да үлкен болмақ. Ата-аналар осы сыйға ие болу үшін де жаңағыдай жан түршіктірерлік қадамға барады.

 

Тойтарыс беру: орыс әйелдері тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы / Дать сдачи: русские женщины против домашнего насилия

Ресейде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың соңы көбіне өлімге әкеледі, бірақ бұған қарсы тұратын әйелдер де бар. Маргаританың күйеуі 2017 жылы оның қолының басын кесіп тастаған, енді ол тұрмыстық зорлық-зомбылық жайлы қатаңырақ заңдардың қабылдануын қалайды. 

 

Жапониядағы жас қыздарды жыныстық эксплуатациялау / Сексуальная эксплуатация малолетних в Японии [18+]

Бүкіл әлем бірауыздан педофилияға қарсы, тіпті қоғамда педофилдерден артық жеккөрінішті адамдар жоқ шығар. Бірақ Жапонияда мұндай әрекетке жұртшылық әлдеқайда көз жұма қарайтын сияқты көрінеді.

 

Суфражистер: әлемдегі алғашқы феминистер / Суфражистки: первые феминистки в мире

Небәрі жүз жылдай бұрын әйелдердің дауыс беру құқығы үшін жанкешті әрекеттерге дейін баруға тура келген.