00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Үкімет электросамокаттар мен гироскутерлердің қауіптілігіне алаңдап отыр

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Үкімет электросамокаттар мен гироскутерлердің қауіптілігіне алаңдап отыр
ашық дереккөз

Еске сала кетсек, биыл қазан айында Сенаттың жалпы отырысында сенатор Нұртөре Жүсіп өзінің депутаттық сауалында жол қауіпсіздігі мәселесін көтерді. Осы орайда ол электросамокаттар, самокаттар мен гироскутерлер тек олардың иелерінің ғана емес, жаяу жүргіншілердің де өмірі мен денсаулығына елеулі қауіп төндіретінін айтқан еді.

Сенатор келтірген мәліметке сүйенсек, биыл 8 айда осындай қозғалыс құралдарының кесірінен 387 жағдай тіркеліп, 25 адам қаза тапқан. Сондай-ақ 411 азамат жарақат алған.

«Кедендік бақылау аясында техникалық регламенттер мен стандарттарға сәйкес келмейтін электросамокаттардың елге әкелінуін шектеуді енгізу үшін Еуразиялық экономикалық одақ ауқымында техникалық регламентке тиісті толықтыруларды көздеу қажет. Осыған байланысты биыл 17 тамызда Еуразиялық экономикалық комиссияға «Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламенті аясында реттеу үшін электросамокаттарды қосу бойынша ұсыныс енгізілді», - деді Роман Скляр.

Сонымен аталған мәселе мүдделі тараптардың қатысуымен ЕЭК алаңында қаралатын болады. Сондай-ақ тиісті ұлттық стандарттарды әзірлеу техникалық регламент жаңарғаннан кейін жүргізіледі. Ал елімізде электросамокаттарды құқықтық реттеу үшін қазір Мәжіліс депутаттарының бастамасымен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісін ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы әзірленген.

Жаңа заң жобасы электросамокаттардың жол жүрісіне қатысуын регламентке бекіту, «шағын электр көлік құралы» ұғымын енгізу, сондай-ақ осы құралдарды басқаратындардың құқықтары мен міндеттерін белгілеу бөлігінде түзетулерді көздейді.