00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Апаттан көз ашпаған кеншілер «АрселорМиттал Теміртауға» талап қойды

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Апаттан көз ашпаған кеншілер «АрселорМиттал Теміртауға» талап қойды
ашық дереккөз

«Абай шахтасындағы апат кеншілердің проблемасын тағы да ашып берді. Ең бастысы, қауіпсіз еңбек жағдайымен қамтамасыз ету, компания кеншілердің жұмыстан кейін аман-есен үйлеріне оралуына кепілдік берсін. Біздің кәсіпорындарда жұмыс күші жетіспейді. Сөйте тұра қондырғылар әбден тозған. Осындай жағдайда көмір қазып өмірін қауіпке тігетін адамдардың жалақысын да көтеру керек», - деді «Қорғау» көміршілер кәсіподағының төрағасы Евгений Буслаев.

Еске сала кетсек, бұған дейін «Абай» шахтасындағы апаттан 6 адам қаза тапқан болатын. Ал 2 кенші әлі ауыр халде жатыр. ТЖМ мәліметінше, апат кезінде 8 мың текше метрден астам метан газы тарап, 100 тоннадан астам тау-кен үйіндісі түскен. Шахтаны тазарту жұмыстары әлі жүріп жатыр.

«Оған қоса, «АрселорМиттал Теміртау» нысандарындағы тау-кен жұмыстарына қатысты қауіпсіздік талаптарының сақталмағанын анықтадық», - дейді Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин.

Оның айтуынша, реттеу жүйесіндегі қайта-қайта жасалған реформалар мен бизнес үшін талаптарды қысқарту қадағалауды әлсіретіп, салдарынан өндірістерде техногендік апаттар саны өскен.

Қазір арнайы құрылған комиссия кеншілер тарапынан қойылған талаптарға байланысты кәсіпорынмен келіссөздер жүргізіп жатыр.