00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада әл-Фарабиге ескерткіш орнатылады

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада әл-Фарабиге ескерткіш орнатылады
ашық дереккөз

Әлемнің екінші ұстазы атанған тұлғаның құметіне қойылатын ескерткішке қатысты мәселе елорданың қалалық мәслихат жанындағы қоғамдық кеңес отырысында талқыланды.

«2019 жылы Президент әкімшілігінен астанада әл-Фараби, Құрманғазы, Ж.Тәшенов және тағы басқа тұлғаларға ескерткіш қою тапсырмасы берілді. Өткен жылы пандемияға байланысты әл-Фарабиге ескерткіш орнату кейінге шегерілген болатын. Қазір ескерткіш дайындалып жатыр. Ал Ж.Тәшенов пен Т.Бигелдиновке ескерткіш қоюға биыл қаржы бөлінді», деді қалалық Стратегиялық және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Қайсар Маңқараев.