Адамдардың 36%-ы қашықтан жұмыс істегенде күн соңында өздерін жігерлі сезінген
Жалпы, респонденттердің 41%-ы қашықтан форматына ауысып, өздерін жайлы сезіне бастаған. Сонымен қатар, әріптестерінен алшақтау салдарынан ыңғайсыздықты сезінген адамдардың үлесі өте маңызды: 36%-ы көбірек шаршаса, ал 33%-ы өздерін мазасыз сезінген.
2021 жылдың ортасына қарай әлем бойынша адамдардың 45%-ы қандай да бір себептермен аралас жұмыс форматы форматына көшті. Аталған компания қашықтан немесе гибридті форматта жұмыс істейтіндердің барлығына ақпараттық қауіпсіздіктің негізгі ережелерін сақтау қажеттілігін еске салады: күдікті сілтемелерді, әсіресе бейтаныс жіберушілердің хаттарын ашпау, әр есептік жазба үшін жеке күрделі парольдер жасау және оларды үнемі өзгертіп отыру керек.
«Kaspersky» қызметкерлері қашықтан жұмыс істейтін ұйымдарға келесі киберқауіпсіздік шараларын ұстануды ұсынады:
- барлық жұмыс құрылғыларын, бағдарламалық қамтуды, қосымшалар мен қызметтерді үнемі жаңартып отыру;
- IT-драйверлерді пайдалануды қатаң бақылау, бейтаныс қосымшаларын жүктеуге шектеулер енгізу;
- қызметкерлердің қол жеткізу құқықтарын тексеру және қажет болған жағдайда оларды өзектендіру;
- қызметкерлерге екі факторлы сәйкестендірумен VPN қолжетімділігін орнату;
- ақпараттық қауіпсіздік бойынша тұрақты тренингтер өткізу.
Айта кетейік, «Бизнестің ақпараттық қауіпсіздігі» сауалнамасына 31 елден 50-ден астам қызметкері бар компаниялардан 4 303 маман қатысқан.