Қай өңірде отбасылық жанжал жиі тіркеледі
Құқық бұзушылықтардың басым бөлігі Шығыс Қазақстан (111 жағдай), Алматы (87 жағдай) және Қарағанды (71 жағдай) облыстарында, ең азы Атырау облысында (5 жағдай) тіркелді.
"720 жағдай жеке адамға қарсы қылмыстық құқық бұзушылыққа қатысты болған. Оның ішінде 268 жағдай – денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, 238 жағдай – денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру, 97 жағдай – адам өлтіру, 18 жағдай – абайсызда денсаулыққа зиян келтіру, 16 жағдай – қажетті қорғаныс шегінен асқан кезде денсаулыққа ауыр зиян келтіру", – делінген ақпаратта.
Айта кету керек, Санкт-Петербургтегі (РФ) Еуразиялық әйелдер форумында қазақстандық делегация Алматыда гендерлік теңдік проблемаларын зерттеудің Еуразиялық орталығын ашқысы келетінін айтқан.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сәйкес, шамамен 736 миллион әйел немесе әлемдегі әрбір үшінші әйел өмірінде бір рет серіктесі тарапынан немесе басқа адам тарапынан жыныстық зорлық-зомбылыққа тап болған. Соңғы онжылдықта бұл көрсеткіш өзгермеген.
15-49 жас аралығындағы әйелдерге көрсетілетін жыныстық зорлық-зомбылық көрсеткіші арал-мемлекеттерде, Оңтүстік Африка және Сахараның оңтүстігіндегі Африка аймақтарында жоғары (33%-51%).
Төменгі көрсеткіштер Еуропада (16%-23%), Орталық Азияда (18%), Шығыс Азияда (20%) және Оңтүстік-Шығыс Азияда (21%) тіркелген.