00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Алматы облысында мектеп оқушылары жаппай төбелесті (ВИДЕО)

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Алматы облысында мектеп оқушылары жаппай төбелесті (ВИДЕО)
ашық дереккөз

Алматы облысының Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 27 қазан күні Панфилов аудандық орталық ауруханасына Пенжім ауылындағы мектеп аумағынан 16 жастағы жасөспірім дене жарақатымен келіп түскен.

“Тексеру барысында 9 және 10-сынып екі оқушының арасында ауызша дау-дамай туып, арты оқушылар арасындағы төбелеске ұласқаны және оның салдарынан жасөспірімнің зардап шеккені белгілі болды. Ауыл азаматтарымен аудан әкімі, ақсақалдар және Алматы облысы ПД бастығы тарапынан кездесулер мен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қазіргі уақытта жағдай тұрақты және бақылауда», – делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 106-бабының 2-бөлігі негізінде қылмыстық іс тіркелді, жанжалға қатысушылардың барлығы анықталды.

Қазіргі уақытта зардап шегушінің жағдайы тұрақты, оған қажетті медициналық көмек көрсетілді.