00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада кейбір тұрғын үй студенттік жатақханаға айналдырылмақ

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада кейбір тұрғын үй студенттік жатақханаға айналдырылмақ
ашық дереккөз

«Біз салынып жатқан, сондай-ақ қолданысқа берілген тұрғын үй нысандары мен жатақхана ретінде пайдалануға болатын ғимараттарға бардық. Осы ретте тұрғын үйлердің нысаналы мақсатын өзгерту мүмкіндігін егжей-тегжейлі қарастырдық. Нысандарды осы жылдың желтоқсан айында тапсыру жоспарланған. Біз бұл мәселені, сондай-ақ студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету мәселесін кешенді шешуді бақылауда ұстаймыз», — деп атап өтті ҚР БҒМ Қаржы орталығының ілгерілету және сыртқы коммуникациялар департаментінің директоры Алпамыс Сатыбалдин.

Сонымен қатар ҚР БҒМ студенттік жатақханаларды қайта құру қарқынын жеделдету үшін жаңа жағдайлар жасалды.

Атап айтқанда, ғимараттарды жатақхана етіп қайта құру кезінде мемлекеттік тапсырыс мөлшері екі есеге жуық ұлғайтылды. Яғни, студент алған әрбір орын үшін 47 АЕК-тен 92 АЕК-ке дейін. Бұл норма Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы объектілерге қатысты қолданылады.

Мұндай жаңашылдық студенттік жатақханалар санын айтарлықтай арттыруға және білім алушылардың өмір сүру жағдайларын жақсартуға мүмкіндік береді. Бұл ретте аталған жатақханалар өзінің нысаналы мақсаты бойынша кемінде 20 жыл жұмыс істеуі тиіс.

Соңғы үш жылда елімізде 90-нан астам студенттік жатақхана пайдалануға берілді. Осы жылдың соңына дейін тағы 32 нысан қолданысқа беріледі.