00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

12 жасар бала әкесінің көлігін рұқсатсыз айдап кеткен (ВИДЕО)

17 мамыр, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
12 жасар бала әкесінің көлігін рұқсатсыз айдап кеткен (ВИДЕО)
ашық дереккөз

Таразда 12 жасар бала әкесінің көлігін рұқсатсыз айдап кеткен, деп хабарлады Elorda.info.

Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында жасы кәмелетке толмаған баланың Subaru автокөлігін басқарған бейнежазбасы анықталды. 

Автокөлік иесі анықталды. 

Көлік иесінің айтуынша, баласы көлікті рұқсатсыз айдап кеткен. Оның бейнежазбаны әлеуметтік желіге салғаны туралы білмеген. 

ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 5-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 50 АЕК айыппұл салынды. 

Көлік арнайы айыптұраққа қойылды.