Еліміздің қай өңірі темекі шегуден көш бастап тұр
ҚР Ұлттық статистика бюросының ағымдағы жылдың шілде айында жүргізген сауалнамасына сәйкес 5,5 млн азаматтың арасында 1,1 млн-нан астам темекі, 190,1 мың азамат кальян шегеді екен.
Кальян әуесқойлары арасында 26,1 мың азамат күн сайын темекі шегеді, ал 164 мың адам аңда-саңда шегетіндерін мәлімдеді. Темекі шегетін барлық азаматтардың 914,4 мыңы күн сайын, 190,7 мыңы аңда-саңда, ал соңғы 61,6 мың адам бұрын күн сайын шексе, тағы 104,9 мыңы күн сайын темекі шекпейтіндерін айтты.
Респонденттердің арасында темекі шегетін 851 мыңы – ер адам және 254 мыңы – әйел адам. Жергілікті жер бөлінісінде 663,2 мың сұратылған темекі шегуші қалада, ал 441,8 мыңы ауылда тұрады. Сауалнамаға қатысқан кальян әуесқойларының арасында 133,3 мыңы – ер адам және 56,8 мыңы – әйел адам. Оның 133,3 мыңы қалада, қалған 56,8 мыңы ауылда тұратыны тіркелген.
Өңірлік бөліністе темекі шегетін респонденттердің басым көпшілігі – 140,4 мың адам Алматы облысында тұрады. "Шылым шегушілер" үштігіне – Шығыс Қазақстан (103,6 мың адам) және Қарағанды (92,4 мың адам) облыстары кірді.
Кальян тұтыну бойынша Нұр-сұлтан – 29,1 мың респондентпен көш бастап тұр. Екінші және үшінші қатарда Алматы (28,4 мың адам) және Қарағанды (21,2 мың адам) облыстары орналасқан.
Сауалнама нәтижелеріне сәйкес, темекі шегетін респонденттер күніне 12,8 миллион темекі өнімдерін тұтынады. Оның ішінде 10,5 млн-ын ерлер, 2,3 млн бұйымды әйелдер пайдаланады.
Күн сайын өнеркәсіптік өндірілген сигареттерді тұтынатын 915 мың респонденттің ішінде 378,7 мың адам күніне 15-24 бұйымды, 214,4 мың адам — 10-14 бұйымды, 168,7 мың адам — 5-9 бұйымды, 90,1 мың адам — 5 және одан да аз бұйымды, 63,2 мың адам — 25 және одан да көп бұйымды тұтынады.
602,6 мың азамат үйде темекі түтінінің әсеріне ұшырайды: оның ішінде 571 мың адам темекі шекпейді; 435,7 мың адам жұмыста темекі түтінінің әсеріне ұшырайды, оның ішінде 411,5 мың азамат темекі шекпейді; 475 мың азамат қоғамдық тамақтану орындарында түтіннің әсеріне ұшырайды, оның ішінде 450,3 мың азамат темекі шекпейді.