Вакцина алмағандар жұмыстан шеттетіледі - Мемлекеттік еңбек инспекторы
Еңбек инспекторының айтуынша, Денсаулық сақтау министрлігі дүйсенбіден бастап коронавирусқа қарсы вакцина салдырмаған қызметкерлерді жұмыстан шеттету мәселелеріне қатысты санитарлық нормаларды енгізді.
Бекітілген ережеге сәйкес жұмыс беруші міндетті вакцинациядан өтпеген қызметкерлерді жұмысқа жібермеуге құқылы деп жазылған. Вакцина алмаған қызметкерлер ПТР-тестілеуден өтуі тиіс. Оның айтуынша, елімізде ҚР ЕК-нің 48-бабының 1-тармағында жазылғандай, денсаулық туралы Кодекске сәйкес санитарлық дәрігердің қаулысы міндетті болып саналады.
"Сондықтан, бүгінгі таңда жұмыс берушілер жұмысшыларды осы бапқа сәйкес, тіпті ешқандай төлемсіз жұмыстан шығаруға құқылы. Егер олар өзара келісімге келсе, қаражат мәселесін жұмыс беруші өз мойнына ала алады. Яғни, жалақының 50% - ын немесе ЕТЖ төлеуге болады", - деп түйіндеді ол.
Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 30 қыркүйектегі бұйрығына сәйкес, коронавирустық инфекциядан 100% вакцинациялау кейбір нысандарда жұмысқа жіберу үшін міндетті болды. Құжат ҚР нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінің сайтында қолжетімді. Депутаттар денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдан бұйрыққа жаңа өзгерістерді түсіндіруді талап етті. Осыған байланысты кейбір бизнес нысандары вакцина алмаған қызметкерлердің бар-жоғын тексереді. о
Айта кетейік, елордада тексеріс 17 қазанда басталып кетті.