00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Цифрлық құжаттарды ұялы байланыс операторларының кеңселерінде қолдануға болады

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Цифрлық құжаттарды ұялы байланыс операторларының кеңселерінде қолдануға болады
ашық дереккөз

Бүгінгі таңда құжаттың түпнұсқасын ұсына алмайтындарға арналған қызмет Beeline ұялы байланыс операторының қызмет көрсету орталықтарында қолжетімді. Бұл үшін клиенттің смартфонында электронды үкіметтің қосымшасы eGov mobile болуы керек.

Цифрлық құжаттарды қолдану үшін eGov мобильді қосымшасын жүктеп алып, ашу қажет. Содан кейін, қызметтер қойындысында «Цифрлық құжаттар» бөлімін таңдап, авторизациядан өту керек. Қосымшаға биометрия немесе бір реттік SMS құпия сөзі арқылы қосылуға болады. Авторизациядан кейін ашылған терезеде жеке куәлікті таңдап, «рұқсатты ашу» батырмасын басу керек.

Процедураны орындау үшін Beeline ұялы байланыс операторының менеджері QR кодын сканерлейді және биометриялық деректер арқылы клиенттің жеке басын куәландырады.

«Мемлекеттік қызметтерді көрсетудегі ыңғайлылық, қауіпсіздік және тиімділік бүгінде біздің басымдылық болып табылады. Бұған дейін кейбір қалалардың банктері мен әуежайлары цифрлық құжаттарды қабылдай бастады, бүгінде бұл функция бір ұялы байланыс операторында қолжетімді, алайда министрлік барлық қауіпсіздік параметрлеріне сәйкес келетін ірі компаниялар мен ұялы байланыс операторлары үшін ашық», - деді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мұсин.

Қазіргі уақытта цифрлық құжаттар қызметінде 18 құжат тіркелген, олардың ішінде ең танымалдары: жеке куәлік, жүргізуші куәлігі, екпе төлқұжаты, ПТР сынағы және туу туралы куәлік.

Бұған дейін қазақстандықтар цифрлық құджаттарды әуежайларда, теміржол вокзалындағы вагондарда, банктер мен нотариус қызметтеріне жүгінген кезінде пайдалануға мүмкіндік алды.

Жүйелердің интеграциясы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және Beeline Қазақстан көмегімен жүргізілді.