«Жомарт жүрек» сыйлығына онлайн дауыс беру өткізіледі
24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
«Жомарт жүрек» - бұл қайырымдылық саласындағы маңызды қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды анықтау, тану және көтермелеу үшін өткізілетін жыл сайынғы қайырымдылық сыйлығы.
Марапаттар бес номинация бойынша беріледі:
- Жыл тұлғасы – қоғам мен адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыру, олардың өмір сүру жағдайларын жақсарту үшін жеке ресурстарды бөлуге негізделген белсенді қайырымдылық қызметі үшін.
Лауреаттар - тек жеке тұлғалар.
- Жыл меценаты – ғылымды, білімді, мәдениетті, өнерді, спорттық шеберлікті дамытуға, қоғам мен мемлекеттің тарихи және этномәдени игілігін сақтауға қайырымдылық көмек көрсетуге негізделген белсенді меценаттық қызметі үшін.
Лауреаттар - тек жеке тұлғалар.
- Туған өлке – кіші отанды қолдау бойынша әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асырғаны үшін.
Лауреаттар - жеке және заңды тұлғалар.
- Жылдың үздік ұйымы – қайырымдылық бағдарламасын тиімді іске асырғаны үшін.
Лауреаттар - коммерциялық емес ұйымдар.
- Жылдың үздік қамқоршысы– әлеуметтік маңызды өзгерістер мен қайта құруларға әкеп соққан кешенді қайырымдылық қызметі үшін, қайырымдылық көмегі үшін. Кәсіпкерлік қызмет субъектілері ғана лауреат бола алады.Лауреаттар - кәсіпкерлік қызмет субъектілері.
Атап айтқанда, сыйлықтың жеңімпаздарын анықтау мақсатында 25-29 қазан аралығында ruh.kz сайтында онлайн дауыс беру өткізіледі.
Ұқсас жаңалықтар
21 қараша, 2024
Мүгедектігі бар және асыраушысынан айырылғандарға 574,8 млрд теңге жәрдемақы төленді
20 қараша, 2024
Биыл 403 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді
19 қараша, 2024
Биыл көпбалалы отбасылар қанша жәрдемақы алды
19 қараша, 2024
2025 жылы қазақстандықтар декларация тапсырудан босатылады